Әлем футболы

Франция құрамасының Әлем чемпионатына баратын ойыншылары белгілі

Франция құрамасының Әлем чемпионатына баратын ойыншылары белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Ресейде өтетін Әлем чемпионатының басталуына да айдан аз уақыт қалды.

Әлем біріншіліген жолдама алған құрамалардың бапкерлері бірінен соң бірі Ресей жерінде доп тебетін футболшылардың есімін атап жатыр. Кезек Әлем чемпионатының басты фавориттерінің бірі Франияға да келіп жетті.

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам төмендегі ойыншыларға сенім артпақ.

Қақпашылар: Ареоля (ПСЖ), Льорис («Тоттенхэм»), Манданда («Марсель»);

Қорғаушылар: Л. Эрнандес («Атлетико»), Кимпембе (ПСЖ), Б. Менди («Ман Сити»), Павар («Штутгарт»), Рами («Марсель»), Сидибе («Монако»), Умтити («Барселона»), Варан («Реал»);

Жартылай қорғаушылар: Канте («Челси»), Матюиди («Ювентус»), Нзонзи («Севилья»), Погба («Манчестер Юнайтед»), Толиссо («Бавария»);

Шабуылшылар: Дембеле («Барселона»), Фекир («Лион»), Жиру («Челси»), Гризманн («Атлетико»), Лемар («Монако»), Мбаппе (ПСЖ), Товен («Марсель»).

Жоғарыда аталған ойыншылар жарақат алған жағдайда олардың орнын мына ойыншылар басуы мүмкін: Виссам Бен-Йеддер, Кингсли Коман, Бенуа Костиль, Матье Дебюши, Люка Динь, Александр Ляказетт, Антони Марсьяль, Адриен Рабьо, Мамаду Сако, Мусса Сиссоко және Курт Зума.

Естеріңізге салсақ, Франция Перу, Австралия және Дания құрамаларымен бір топқа түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер