Грек-рим күресі

Қос балуанымыз әлем чемпионатының алтынына таласады

Қос балуанымыз әлем чемпионатының алтынына таласады
news-banner7
mobile-news-top

Әділет Дауламбаев пен Нұржан Өмірбеков әскерилер арасындағы әлем чемпионатының ақтық сынына шықты.

Ресейдің Мәскеу қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының алтынына Әділет Дауламбаев пен Нұржан Өмірбеков таласады. 92 және 125 келіде сынға түскен еркін күрес шеберлері қарсыластарын қоғадай жапырып, әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алды. Финалда Әділет Дауламбаев (92 келі) жергілікті балуан Юрий Беленовскиймен белдессе, аса ауыр салмақтағы Нұржан Өмірбеков ирандық балуанмен күш сынасады.

Айта кетейік, әскерилер арасындағы дүбірлі дода осымен 33-рет өтіп жатыр.

Түпнұсқасы: Qsport.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер