Баскетбол

Әлжан Жармұхамедов: Кез келген спортшы чемпион болуды армандайды

Әлжан Жармұхамедов: Кез келген спортшы чемпион болуды армандайды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыға Олимпиада чемпионы, баскетболдан КСРО құрамасының үздік ойыншысы, Мюнхен Олимпиадасында алғаш рет АҚШ командасын жеңген Әлжан Жармұхамедов келді. Аты аңызға айналған баскетболшымен «Движение вверх» фильмі, Қазақстан мен Ресейдегі баскетбол, жоспарлары мен отбасы туралы әңгімелеп берді.

- Әлжан Мұсұрбекұлы, Қазақстанға қош келдіңіз! Қай мақсатпен келгеніңізді айтып өтсеңіз?

Біз Иван Едешкомен балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында өтіп жатқан баскетболдан «Үміт Кубогы» Қазақстан чемпионатына келдік. Турнирге қатысу туралы ұсынысты қуана-қуана қабыл алдық. Өйткені, ата-ана махаббатынсыз өскен балаларды қолдау, оларға көмектесу, біздің міндетіміз. Мен әкемнің отаны – Қазақстанға келгеніме әрқашан қуанамын. Мұндай жарыстар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, балалардың мақсаттарына қол жеткізуіне септігін тигізеді деген ойдамын.

- Әлжан Мұсұрбекұлы, «Движение вверх» фильмін көргенде, қандай әсерлерге бөлендіңіз?

Ең бастысы, ол барлығына ұнады және фильмнен кейін Қазақстан мен Ресейде балалар мен жасөспірімдердің баскетболға деген қызығушылығының артқанын байқадық. Ол өте жақсы түсірілген, қызықты әрі тартысты.

- Шын мәнінде, барлығы сол фильмдегідей болған ба еді?

Мені студияға шақырып, сол матч пен оның алдындағы оқиғалар туралы сұрастырды. Мен есіме түскен сәттерді айтып бердім. Бұл көркем фильм, көрермендерге қызықты болу үшін ойдан шығарылған эпизодтар бар. Бірақ, сол матчты, соңғы үш секундты керемет түсіріп, көрерменге жеткізген.

- Қазіргі таңда, немен айналысасыз?

Әзірге, балаларды жаттықтырамын, бапкермін. Бірақ, соңғы аптаны жұмыс істеп, демалысқа шығамын. Жас кездегідей белсенді түрде жұмыс істеу өте қиын. Балаларды жаттықтыру үшін жан-тәнімен берілу қажет.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð°Ð»Ð¶Ð°Ð½ жаÑмÑÑамедов

- Ұлыңыз әкесінің жолын қуып, ісіңізді жалғатыруда, ол туралы кішкене айтып берсеңіз?

Ол да Мәскеуде бапкер болып жұмыс істейді. 2012 жылы жазғы Олимпиада ойындарында Ресей құрамасының бапкері болды. Олар сол кезде үшінші орынды иеленіп, елге қола жүлделерімен оралған. Қазір менімен бірге Алматыға келді, қазақстандық бапкерлер үшін саминар өткізіп жатыр.

- Қазақстандық баскетболдың болашағы қандай, біздің баскетболды көресіз бе?

Шыны керек, уақыт жоқ. Бірақ, Астананың кейбір матчтарын көргенмін, жақсы спортшылар бар. Маған команданың құрамында соншама легионерлердің ойнағаны ұнамайды. Мұндай жағдай Ресейде де орын алады. Олар ел намысын қорғайтын ойыншылардың уақытын алып, оларға өсуге мүмкіндік бермейді.

- Егер жастық шағыңызға оралсақ, есте қалар сәттермен бөліссеңіз?

Әрине, ол Олипиада ойындары, менің алғашқы Олимпиадам болатын. Алғаш рет, әлемдік баскетбол тарихында болған маңызды оқиға, біз американдықтарды жеңіп, чемпион атандық. Ал оған дейін американдықтар ешқашан жеңілмеген болатын. Сондықтан, бұл мен үшін ең қымбат, есте қаларлық матч. Олимпиада чемпионынан артық атақ жоқ. Сонымен қатар, 1971 жылы өткен Еуропа чемпионаты. Менің сәтті ойыным финалда біздің командаға жеңіс алып келген еді. Мұндай сәттер мен оқиғалар көп болды, бірақ оның бәрі өтті де кетті.

- Сіздің ойыңызша, сіз сияқты жетістіктерге жету үшін жас баскетболшыларға не жетіспейді?

КСРО ыдырағаннан кейін бапкерлердің жалақысы күрт азайып, оларға басқа жұмыспен айналысуға тура келді. Әрине, осыған орай, ойыншыларды дайындау жүйесі де бұзылды. Қазір оны қайта келтіру үшін уақыт қажет. Жақсы ойыншыны тәрбиелеу үшін 10-15 жыл керек. Сонымен қатар, бапкерлер, федерация мен мемлекеттік жүйе арасында өзара әрептестік болу қажет. Мемлекет ел денсаулығы туралы ойлап, қолдау көрсету керек.

- Ал баскетболшы қандай қасиеттерге ие болу керек?

Спорт намысшылдарды ғана қажет етеді, кез келген спортшы чемпион болғысы келеді. Мақсатсыз ештеңе шықпайды, ал оған жету үшін жұмыс істеу керек. Қазақстандық баскетболшыларға алға қойған мақсаттарына жетіп, жоғары жетістіктерге жетулерін тілеймін.

Ақпараттық және спорттық ХАБ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер