Премьер-лиганың 10-турының үздіктер құрамасы

Премьер-лиганың 10-турының үздіктер құрамасы
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың оныншы турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
Қақпашы: Марсель Исламқұлов, «Қайсар».
«Қызыл-Жар СК» командасымен өткен ойында Марсель Исламқұлов қақпасын голдан құтқарып қалды. «Қайсар» бір ұпайға ие болды. Алаң иелері қызылордалықтардың қақпасына төрт қауіп төндірген болатын. Әр эпизодта қақпашы шеберлігін көрсете білді. Марсель үш сейв жасап, қақпадан бес рет қатесіз шығып ойнады. Ойын индексі – 242.
Сол жақ қорғаушы: Матео Мужек, «Шахтер».
Матео Мужек үздіктер құрамасының қатарынан жиі орын алып жүр. Балқандық футболшы әр турда тұрақты ойын көрсетіп келеді. «Ертіспен» өткен кездесуде қорғаушы
Қарсыластың добын 6 рет, қараусыз қалған пасты 19 рет тартып алды. Допқа талас көрсеткіші – 64 пайыз. Пастарының дәлдігі – 78 пайыз. Ойын индексі – 219.
Орталық қорғаушылар: Сергей Малый, «Астана»; Лаша Касрадзе, «Жетісу».
«Атыраумен» өткен ойында Сергей Малый нағыз қорғаушыдан талап ететін міндеттерді орындады. Қарсыластарын қақпашыға жақындатпады. Центрбек командаластарына 32 рет (97 пайыз) дәл шығарды. Допқа талас көрсеткіші – 75 пайыз. Әуедегі допқа 10 рет таласып, 9-да жеңіске жетті. Ойын индексі – 227.
«Ордабасымен» өткен кездесуде Лаша Касрадзе өте жақсы ойнады. Грузиялық қорғаушы допқа таластың 70 пайызында жеңіске жетіп, қарсыластың пасын 13 рет тоқтатты. 42 рет дәл пас шығарды – 88 пайыз. Ойын индексі – 233.
Оң жақ қорғаушы: Абзал Бейсебеков, «Астана».
Абзал Бейсебеков кезекті рет негізгі құрамның ойыншысы екенін дәлелдеді. Атырауда өткен кездесуде «Астана» қорғаушысы пастарының 84 пайызын дәл жеткізді. Үш рет қарсыластың добын, алты рет қарсыластың пасын тартып алды. Екі рет қарсыласын алдап өтіп, жеті рет қараусыз қалған допты қағып әкетті. Ойын индексі – 238.
Орталық жартылай қорғаушы: Саша Марьянович, «Ақтөбе».
Турдың ең нәтижелі матчында Саша Марьянович орталық алаңда команданың ойынын жүргізіп, шабуылды бастап отырды. Сербиялық футболшының матч соңындағы статистикасы: үш шешуші пас, үш айып алаңына жеткізілген пас. Сонымен қатар, қараусыз қалған допты 12 рет, қарсыластың пасын 4 рет қағып әкетті. Пастарының дәлдігі – 94 пайыз. Ойын индексі – 250.
Сол жақ жартылай қорғаушы: Руслан Валиуллин, «Ақтөбе».
Тапқыр ойын, батыл шешім және нәтижелі па. Руслан Валиуллин үздік вингер ретінде өз командасының маңызды жеңіске жетуіне көмектесті. Оның еншісінде үш сәтті финт бар. Пастарының дәлдігі – 79 пайыз. Ойын индексі – 258.
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Рейнальдо, «Ақтөбе».
«Ақжайықпен» өткен ойында Рейнальдо шабуылға батыл араласып, қақпаға жиі қауіп төндіріп, тура соққылар бағыттады. Бразилиялық футболшы үш рет сәтті дриблинг қолданып, екі гол соғып, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Турдағы ең жоғары көрсеткештердің бірі. Ойын индексі – 339.
Оң жақ жартылай қорғаушы: Камо Оганесян, «Жетісу».
«Жетісу» сапындағы армениялық футболшы Премьер-лиганың оныншы турының ең пайдалы ойыншысы атанды. Камо Оганесян екі рет нәтижелі пастың авторы атанды. Сонымен қатар, қарсыласын 7 рет алдап өтті. Пастарының саны – 44, дәлдігі – 80 пайыз. Ойын индексі – 351.
Шабуылшылар: Милан Бойович, «Жетісу»; Маркос Пиззелли «Актобе».
«Ордабасымен» өткен кездесуде Милан Бойович позицияны жақсы таңдап, шабуылды жақсы аяқтап отырды. Шабуылшының соққан үш голы шешуші рөл атқарды. Ойын индексі – 302.

Маркос Пиззелли белсенділігі – «Ақтөбенің» алғашқы минуттан бастап ойынның соңына дейін шешуші факторды атқарды. Армения құрамасының футболшы екі гол соғып, бір нәтижелі пас шығарды. Ойын индексі – 294.

Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер