Қысқы

Денис Тен: Корейге қарағанда қазақ екенімді ұқтым

news-banner7
mobile-news-top

2014 жылғы Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында өзінің қазақ екенін айтты.

«Өзімізден мамандардың шыққаны маңызды. Басқа елден жаттықтырушы әкелудің нәтижесі ұзаққа бармайды. Өз елімізде жаттыққан Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарында чемпион атанған кезде қалай мақтандық. Алматылық екенін білемін, ол өмір бойы осы жерде жаттықты. Олимпиада медалін алған нағыз феномен. Өз еліңнен шыққан спортшының Отанын қаншалықты жақсы көретінін түсінесің. Головкин жеңіске жеткендегі мақтаныш сезімін айтып жеткізу қиын. Адамдар оның қазақстандық екенін, менталитеті біздікі екенін біледі. Менің ата-тегім корей болған соң «Корей қазағысың ба, әлде қазақ корейісің бе» деп сұрайды. Өмірлік құндылықтар мен көзқарастарымды салыстыра келе корейге қарағанда қазаққа ұқсас екенімді ұқтым. «Басқа жерге кеткенде Отаның әрдайым сенімен бірге» деген сөз бар. Мен мұны кішігірім нәрселерден-ақ байқаймын. 10 жасымда Мәскеуге, 17 жасымда Америкаға кеттім. Сонда да жан-тәніммен өз елімде қала беретінімді сездім. Жүрегі Қазақстан деп соғатын спортшылар артады деп үміттенемін», - деді Тен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер