Criminals
Басқа

Дәрігер-педофилдің құрбандарына жарты миллиард төленеді

Дәрігер-педофилдің құрбандарына жарты миллиард төленеді
news-banner7
mobile-news-top

Мичиган штатының университеті америкалық дәіргер Ларри Нассардың құрбандарына 500 миллион доллар өтемақы төлейтінін мәлімдеді.

Университеттің өкілдері зорлық-зомбылық көрген 332 әйелге жалпы саны 425 миллион доллар төленетінін айтты. Сонымен қатар, тағы 75 миллион арнайы қорда жатады. Ол Нассардан зардап шеккен жаңа құрбандарға берілмек.

Айта кетейік, 2018 жылдың қаңтар айында сот төрелігі Нассарды 175 жылға бас бостандығынан айырған еді. Айыптаушылар қатарында 140 спортшы, оның ішінде Олимпиада чемпиондары Симона Байлс, Александра Райсман, Габриэлла Дуглас және Маккайла Маронилар да бар. Олардың басым көпшілігі кәмелеттік жасқа толмаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер