Just Wrestling
Күрес

Балуандарымыз әлем чемпионатында олжа салды

Балуандарымыз әлем чемпионатында олжа салды
news-banner7
mobile-news-top

Осы күндері Мәскеуде спорттық күрестен әскери қызметкерлер арасындағы XXXIII әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық балуандар екі күннің қорытындысы бойынша бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер күресінен қарағандылық спортшы Наргиз Икрамова финалда ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал 57 келідеге соңғы ел чемпионы Эмма Тисина қола медаль иегері атанды. Еркін күрес шеберлері де қарап қалмады. Қазақстан еркін күрес академиясында жаттығып жүрген Азамат Шағапұлы ширек финалда Олимпиада чемпионы Сослан Рамоновтан жеңілгенімен қола медаль үшін таласта ирандық спортшыны тізе бүктіріп әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ Елдос Әбікенов пен Бекболсын Құрманбеков ел қоржынына қола жүлде еншіледі.

- Бұл жарыста өзімнің барлық мүмкіншілігімді көрсете алмадым. Неге екенін білмеймін жарыс алдында өзімді жаман сезіндім. Қола медаль қанағаттандырмайды. Жарысқа тек бірінші орын аламын деген ниетпен келгенмін. Десе де енді алда бұдан көп еңбек етемін, - деп сөзін түйіндеді 57 келідегі ел чемпионы Эмма Тисина.

Айта кететін жайт, Марина Седнева (55 кг) мен Ирина Кузнецованың (59 кг) бұл жарыста жолы болмады. Балуандарымыз жүлделі орыннан тыс қалды.

Естеріңізге салайық, бүгіни Гулмарал Еркебаев (76 кг) финалда, ал Қайыргельдинова Альбина (65 кг), Аманжолова Назира (62 кг) үшін орын үшін таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер