Күрес

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Мәскеу қаласында күрес түрлерінен әскерилер арасында өтетін Әлем чемпионатында сынға түсетін балуандарымыз белгілі болды.

17-19 мамыр күні Ресей астанасы Мәскеу қаласында күрес түрлерінен әскерилер арасында Әлем чемпионаты өтеді.

Грек-рим күресінен сынға түсетін балуандарымыздан 55 келіде ел намысын Аманғали Бекболатов қорғаса, 63 келі салмақты Мейрамбек Айнағулов белдесетін болады. Данияр Қаленов 67 келіде сынға түссе, Ибрагим Магомадов 72 келіде, Мақсат Ережепов 77 келі салмақта, Асхат Ділмұхамедов 82 келіде белдессе, Олжас Сырлыбай 97 келі салмақта өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Мейрабек Айнағұлов 2016 жылы әскерилер арасында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Түпнұсқасы: Qsport.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер