Жеңіл атлетика

Қазақстандық сырықпен секіруішлер Пусандағы халықаралық жарысқа қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық сырықпен секіруші үш спортшы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін дәстүрлі халықаралық турнирге қатысады, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Еліміздің намысын бұл жарыста Никита Филиппов, Сергей Григорьев және Михаил Буда қорғайды. Турнир 18-19 мамыр күндері өтеді.

Бұл жарыс жылда Оңтүстік Кореяның портты қаласына әлемнің үздік сырықпен секірушілерін жинайды. Әрбір жылдары Азия, Еуропа, Американың маңдайалды спортшылары қатысқан. Олар ересектер, жастар және әйелдер арасында жүлдені сарапқа салады. Қазақстан атлеттері Пусан жоғары нәтиже көрсетіп жүреді. 26 жастағы Никита Филиппов бұған дейін үш рет чемпион атанған. Сергей Григорьев екі рет топ жарған. Михаил Буда бір мәрте жастар арасында бірінші орын, бір рет қола жүлде еншілеген.

Оңтүстік Кореяға Қазақстан спортшыларын Сергей Кулибаба бастап барады.

Жарыс кестесіне сәйкес жастар алдымен 18 мамырда сайысқа түседі. Аталмыш дода IAAF сертификатына ие болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер