Әлем футболы

«Атлетико Мадрид» - Еуропа Лигасының чемпионы

«Атлетико Мадрид» - Еуропа Лигасының чемпионы
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа Лигасының финалдық кездесуінде мадридтік «Атлетико» «Марсельдің» тас-талқанын шығарды.

Ақтық ойында Гризман мен Габи көзге түсіп, командаларына ірі жеңіс әперді.

Алдымен 21-ші минутта «Марсельдің» қақпашысы жіберген қателікті сәтті пайдаланған «Атлетико» ойыншылары есепті ашты. Екінші тайм бастала салысымен Гризманн екінші голын соғып, дубль авторы атанды. Ал ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Габи есепті еселей түсті.

Осылайша, «Атлетико» 2017/18 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.

Еуропа Лигасы. Финал

«Марсель» (Франция) - «Атлетико» (Испания) - 0:3

Голдар: 0:1 – 21 Гризманн, 0:2 – 49 Гризманн, 0:3 – 89 Габи

«Марсель»: Манданда, Рами, Амави, Сарр, Луис Густаво, Сансон, Ангисса, Окампос (Н’Джие), 55, Товен, Пайет (Максим Лопес, 32), Жермен (Митроглу, 74).

«Атлетико»: Облак, Врсалько (Хуанфран, 46), Хименес, Годин, Лукас Эрнандес, Корреа (Парти, 88), Сауль, Габи, Коке, Диего Коста, Гризманн (Торрес, 90).

Ескерту: Врсалько, 23, Амави, 38, Луис Густаво, 75, Н’Джие, 78, Лукас Эрнандес, 78

Төреші: Куйперс (Нидерланды)

16 мамыр. Лион. «Стад де Люмьер» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер