Әлем футболы

"Спортинг" футболшыларына шабуыл жасаған 21 күдікті ұсталды

"Спортинг" футболшыларына шабуыл жасаған 21 күдікті ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

Португалияда "Спортинг" клубының базасына жасалған шабуылға қатысты тергеу шаралары жалғасуда, деп хабарлайды sport.newsbox.ru сайты.

O Jogo басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері "Спортинг" футболшылары мен қызметкерлеріне шабуыл жасаған 21 күдіктіні ұстаған.

Осыған дейін, басылым мәліметінше, футболшылар мен бапкерлер шешіну бөлмесінде болған кезде жанкүйерлер баса көктеп кіріп келген. Олар "Спортинг" бас бапкері Жорже Жезушты балағаттап, Руй Патрисиу, Виллиам Карвалью, Бас Дост, Родриго Батталью мен Йосип Мишичті соққының астына алған. Шабуыл нәтижесінде Досттың басы жарылған болатын.

Португалия Примерасының соңғы айналымда "Спортинг" "Бенфиканы" қуып жету мүмкіндігінен айырылып, Чемпиондар лигасына қатысуға жолдамадан қағылған еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер