Теннис

Жасөспірімдер арасында US Open-нің жартылай финалисті жарыстарға Қазақстан атынан қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Жасөспірімдер арасындағы АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жартылай финалисті Тимофей Скатов спорттық азаматтығын Ресейден Қазақстанға ауыстырды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Ол енді алда өтетін Франция ашық чемпионатына Қазақстан атынан қатысатын болады.

Тимофей 2001 жылы 21 қаңтарда Петропавл қаласында дүниеге келген, бірақ 4 жасынан бастап Тула қаласында жаттығады. Жасөспірімдер арасындағы чемпионаттарда ол Ресей елінің намысын қорғады.

Скатов жасөспірімдердің ITF рейтингісінде бесінші сатыда тұр. 2017 жылы Тимофей Мәскеуде өткен U16 чемпионатын жеңіп алды. 2014 және 2015 жылдары Кремльдегі жасөспірімдер кубогында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер