Бокс

Елеусіновтың қатысуымен өтетін бокс кешінің билеттері сатылып болды

Елеусіновтың қатысуымен өтетін бокс кешінің билеттері сатылып болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтың қатысуымен өтетін бокс кешінің билеттері сатылып болды, деп жазады prosports.kz сайты.

Кештің ұйымдастырушысы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы 6 маусым күні Ұлыбритания астанасы Лондонда өтетін бокс кешінің дайындық жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ұйымдастырушылар Twitter желісінде жазды.

Аталған бокс кешінің басты жекпе-жегі бірінші ауыр салмақтағы Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) арасында өтеді. Ал отандасымыз Данияр Елусіновтың (1-0, 1 КО) қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов жақында ғана атақты промоутерлердің бірі Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған болатын. Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Barclays Center аренасында өткізіп,жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер