Басқа

Алматыда регбиден Азия чемпионаты басталды

Алматыда регбиден Азия чемпионаты басталды
news-banner7
mobile-news-top

Мамырдың 16-ы мен 19-ы аралығында Алматыда тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет регби-15-тен ерлер командалары арасында Азия чемпионаты өтеді.

Сары құрлықтың ең үздік командалары өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетсек, осы күні, сағат 14.30 Қазақстан Республикасының бірінші Президенті спорттық кешенінде чемпионаттың салтанатты ашылуы рәсімі өтеді.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Монғолия, Пәкістан, Қырғызстан елдері қатысады. Бұл тек шаһарымыз үшін ғана емес, еліміз үшін елеулі оқиға. Осындай халықаралық деңгейдегі бәсекелер Алматы қаласының даңқын асқақтатып, елімізді алдыңғы қатардағы спорттық орталықтардың бірі ретінде бүкіл әлемге танытары сөзсіз.

2016 жылы регби Олимпиадалық спорт түрлеріне кірген болатын. Қазақстан ұлттық құрамасы Азия елдерінің арасында тұрақты жеңімпаз, ал әлем бойынша үздік 30 елдер қатарына кіреді. Азия чемпионаты регбидің елімізде бұқаралық спорт түрі ретінде дамып, бұл тартысты ойын жастар арасында кеңінен танылуына алып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер