Criminals
Футбол

Төреші екі пенальти белгілеп қамауға алынды

Төреші екі пенальти белгілеп қамауға алынды
news-banner7
mobile-news-top

Сербиялық төреші Срджан Обрадович ел чемпионатының 36-шы турында екі пенальти қойғаны үшін абақтыға қамалды. Бұл жайлы USA Today хабарлады.

13 мамыр күні суботицалық «Спартак» «Раднички» клубымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі Обрадовичтің қабылдаған шешімдері заң қызметкерлерінің күдігін тудырды. Нақтырақ айтсақ, төреші екінші таймның басында қонақтардың шабуылшысын алаңнан қуса, кейін оларлың қақпасына екі пенальти белгілеген. Қос 11 метрлық айыпты Неманья Николич сәтті орындады. Ал кездесуден соң Срджан Обрадович футбол алаңында қызметін асыра пайдаланғаны үшін екі тәулікке қамауға алынды.

Айта кетейік, бұл жеңістен кейін «Спартак» 2018/2019 жылғы маусымдағы еурокубоктық ойындарға іріктелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер