Теннис

Александр Бублик Францияда бірінші айналымнан сүрінді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (141) Францияның Бордо қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды prosports.kz.

Отандасымыз алғашқы айналымда жергілікті теннисші Кенни Де Схепперден (176) айласын асыра алмады.

1 сағат 5 минутқа созылған кездесу 6:0, 6:3 есебімен француздың пайдасына шешілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер