русский язык
Футбол

Гвардиола: «Швайнштайгер жарақатына қарамастан біраз көмегін тигізді»

Гвардиола: «Швайнштайгер жарақатына қарамастан біраз көмегін тигізді»
Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері Хосеп Гвардиола неміс БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында, Бастиан Швайнштайгердің жарақатына байланысты өз өкінішін білдірді. 
 
Ойыншыға аяғының жарақатына байланысты жақын арада операция жасалмақ.
 
«Өкінішті хабар. Швайнштайгер беделді ойыншыларымыздың бірі. Соңғы кездесулерде жарақатына қарамастан біраз көмегін тигізді», - дейді испандық бапкер.
 
Бұның алдында неміс футболшысы соңғы матчтарда қақсап ойнағандығы жайлы айтқан болатын. 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;