Criminals
Футбол

Кокаинмен ұсталған футболшы ұлттық құрамаға шақырту алды

Кокаинмен ұсталған футболшы ұлттық құрамаға шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Антидопинг заңын бұзған бразилиялық «Фламенго» клубының шабуылшысы Паоло Герреро Перу құрамасына шақырту алды. Ал Перу құрамасы биыл Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алған құрамалардың бірі. Бұл жайлы ресейлік басылымдар хабарлады.

Естеріңізге салайық, 2017 жылдың қараша айында Геррероның допинг-сынамасынан кокаин метаболиттері табылған болатын. Ал 7 желтоқсан күні ФИФА оған қатысты жаза қолданып, футболшыны 6 айға үлкен спорттан шеттетілген болатын.

Айта кетейік, Герреро Перу құрамасының сапында 86 ойын өткізіп, 32 гол соққан. Ал 2004-2005 жылдары мюнхендік «Бавария» сапында екі жыл қатарынан Германия чемпионы атанды. Сонымен қатар, алты жыл «Гамбург» клубында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер