русский язык
Баскетбол

«Красный Октябрь» – «Астана». Превью

«Красный Октябрь» – «Астана». Превью

«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасының 5-турында Волгоградтың «Красный Октябрь» командасымен шеберлік байқасады.

Екі команда да шабуылдауды жақсы көреді. Сондықтан, Волгоград кәсіподағы спорт кешенінде ұпайға толы ойын болуы әбден ықтимал. «Красный Октябрь» баскетболшылары қорғаныстан гөрі шабуылға ден қойса, жеңіске бастар жолды жаңылмай табады. Ал Маттео Боничиолли шәкірттеріне ойдан қосымша тактика жасау қажет емес. Олар қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, қарымта шабуылда волгоградтық баскетболшылардың қателігін сәтті пайдаланса жеткілікті.

Бұған дейін екі команда өзара кездеспеген. Биылғы маусымда 1 ойында жеңіп, үшеуінде ұтылып қалған «Красный Октябрь» клубы 9 сатыда. «Астана» 4 ойынның екеуінде ұтып, екеуінде қарсыласынан басым түсті. Қазір олар 4-ші сатыда орналасқан.

Кездесу 10 қарашада сағат 21:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;