Күрес

Талдықорғанда Аманжол Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған турнир өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Талдықорғанда 13-16 мамыр аралығында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Алматы облысының құрметті Азаматы Аманжол Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында еркін күрестен ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Жарыстың басты мақсаты еркін күресті насихаттау, дамыту және споршылардың шеберліктерін арттыру, олардың арасындағы қарым-қатынасты, достықты нығайту, тәжірибе алмасу, салауатты өмір салтын ұстануға, патриоттық сезімге және еңбекке тәрбиелеу.

Айта кетейік, әр салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальмен марапатталады. Сонымен қатар, сыйақы мөлшері де қарастырылған: 1-ші орын - 50000 теңге; 2-ші орын - 30 000 теңге; 3-ші орын - 20 000 теңге

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер