Күрес

Жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты: Бүгін жеті балуанымыз жүлдеге таласады

news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстанның Ташкент қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бүгін аталған чемпионаттың соңғы күні. Бүгін еркін күрес түрлерінен белдесулер өтеді. Осыған дейін грек-рим күресінен жасөспірімдеріміз жалпы командалық есепте екінші орын алғанын жазған едік.

Ал жарыстың соңғы күні жеті бірдей жас балуанымыз жүлдеге таласады. Оның алтауы финалда бақ сынаса, біреуі қола жүлде үшін күреседі.

Ақтық сында белдесетін балуандар:

92 келі Юнус Гафуров
60 келі Мұхтарұлы Яссауи
51 келі Тайырбек Кенесары
55 келі Әуез Сейтбаев
48 келі Асылжан Есенгелді
45 келі Сұлтан Құрманалиев

Қола үшін күресетіндер:

110 келі Тагиров Ислам

Естеріңізге сала кетейік, чемпионат 10-13 мамыр аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер