Жеңіл атлетика

27 мамырда Астанада үшінші рет BI Marathon өтеді

news-banner7
mobile-news-top

27 мамырда Астанада дәстүрлі халықаралық қайырымдылық марафоны өтеді. Оған әлемнің 19 елінің спортшылары қатысады. Сондай-ақ марафонда жалпы 6 мыңға жуық адам жүгіреді деп күтілуде.

Бүгін осыған байланысты елордамызда баспасөз мәслихаты өтіп, ұйымдастырушылар марафонның басты ерекшеліктері және ережелерімен таныстырды. «ВІ групп» директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевтың айтуынша, бүгінде марафонға қатысуға 5600 адам өтініш білдіріпті. Ал тіркеу мерзімінің 20 мамырға дейін жалғасатынын ескерсек, қатысушылардың саны 6 мыңнан асып жығылуы әбден мүмкін.

– Қауіпсіздік пен спортшылардың жайлылығы үшін марафон алдында кішігірім жаттығу өткіземіз. Сондай-ақ, әр 10 шақырым сайын қатысушыларды су, жеміс-жидек және жеңіл тағамдармен қамтамасыз етіп отырамыз. Бұдан бөлек, дәрігерлер мен медициналық көмек көрсетуге дайын. Көрермендер мен жанкүйерлер үшін кейтеринг қарастырылған және эстрада жұлдыздарының қатысуымен мәдени шаралар ұйымдастырылады, - деді Бауыржан Әбдрашитұлы.

Айта кетейік, марафоннан түскен барлық қаржы әдеттегідей қайырымдылыққа жұмсалады.

– Біздің марафонымыздың басты мақсаты – қайырымдылық. Жобаны ұйымдастыруды толығымен өз қолына алған BI Group компаниясы марафоннан түскен барлық қаржыны «BI Жұлдызай» қайырымдылық қорына аударады, - деп қосып өтті Исабаев.

Өз кезегінде «BI-Жұлдызай» қоғамдық қоры 2004 жылы құрылған. Қор ерекше қажеттілігі бар балаларға қаржылай және әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыра бастаған еді. Бұдан бөлек, медициналық жобаларды да жүзеге асырып келеді.

Ал биылғы марафонда спортшылар мен қатысушылар 5, 10, 21 және 42,2 шақырымдардарға жүгіруге мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, шараның бас төрешісі – Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Дмитрий Карпов. Ал оған әйгілі марафоншы Марат Жыланбаев көмектеседі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер