Грек-рим күресі

Азия чемпионатында ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

Азия чемпионатында ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты
news-banner7
mobile-news-top

Ташкентте күрес түрлерінен өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

Грек-рим күресінен 65 келі салмақта ел намысын қорғаған Абдиазим Карабаев финалда қырғызстандық Бакдаулет Егембердиевті жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

71 келі салмақта күрескен Вейсал Эюбов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Үшінші орын үшін болған белдесуде Эюбов Корея балуанын ұтты.

Қыздар арасындағы бәсекеде 40 келі салмақта бақ сынаған Марал Тәңірбергенова Азия чемпионатының қола жүлдесін ұтты

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер