ММА

Қазақстандық спортшы «Терминаторды» нокаутқа жіберді

Қазақстандық спортшы «Терминаторды» нокаутқа жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Астананың 20 жылдығына арналған «BATTLE OF NOMADS-10"» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды bnews.kz сайты.

Аралас жекпе-жекке Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Грузия, Португалия, Испания, Бразилия спортшылары қатысты.

Қазақстандық «Номад» клубы спортшысы Шавкат Рахмоновтың тәжікстандық «Ахмад» клубының күрескері Фаридун Одиловты (лақап аты «Терминатор») үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

«Жеңіске жетсем деген ой болды, әр нәрсеге де дайын болдым. Қарсыласыма жақсы күрес үшін алғыс айтқым келеді. Менің ойымша, төрешілер жарысты ерте аяқтап, асығыс шешім қабылдады», - кәсіби мансабындағы алғашқы чемпиондық белбеуіне қол жеткізген спортшымыз.

Өз кезегінде, оның қарсыласы Фаридун Одилов реванш өткізгісі келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер