ММА, UFC
ММА

ММА: "BATTLE OF NOMADS" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті

ММА: "BATTLE OF NOMADS" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті
news-banner7
mobile-news-top

Астанада, ММА-дан «BATTLE OF NOMADS» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды prosports.kz сайтының тілшісі.

9 сәуірде елордада жалауын желбіреткен аталмыш халықаралық турнир, Астананың 20 жылдығына орай өткізіліп отыр. Дүбірлі додаға әлемнің 11 елінен келген (Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Грузия, Португалия, Испания, Бразилия) кіл мықты спортшылардың тартысты жекпе-жектері, көрермен қауымның көңілінен шықты десек, артық етпес. Жарыс бірнеше күнге созылды. Әрбір күні қазақ спортшыларының бәсекесін тамашалауға келген жанкүйер, бірде қуанды, бірде терең ойға шомылды. Бірақ, әрбір жеңіліс, додаға түскен спортшыға ғана емес, оны қолдап отырған жанкүйер қауымға да ауыр тиетіні сөзсіз. Мысалға, аталмыш турнирдің бетін ашқан қазақстандық Нұрлан Қарабалин мен қырғыз спортшысы Бақытбек Дүйшобаев арасындағы тартыста, отандасымыз жеңілген болатын. Дегенмен де, келесі жекпе-жекте Дмитрий Кудинов бразилиялық Майкон Густаво Фортунато Лападан айласын асыра алды.

Тартысқа толы бәсекелердің әрбірі нағыз эмоцияға толы болды. Мәселен, 77,1 кг салмақ дәрежесінде, сегізбұрыш алаңында өнер көрсеткен жерлесіміз Алиев Махир, ресейлік Тарикулиев Заурды екінші раундта бір соққымен сұлатып, артынан көптеген соққының астына алған. Үсті-үстіне дарытқан соққыларына ресейлік саңлақтың төтеп бере алмағанына көзі жеткен төреші, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтауға тура келді. Осылайша, қазақстандық спортшылар үшінші жекпе-жектерінде екінші жеңістеріне қол жеткізді.

Ал, 93 кг салмақ дәрежесінде алғаш рет сегізбұрышта өнер көрсеткен отандасымыз Азамат Мұратбекұлы венгриялық Солт Стриговаға финалда есе жіберіп қойды.

Азаматтың ізін жалғастырған кезекті спортшыларымыз Исмаил Героев пен Дмитрий Ермолаев қорытынды есебтерімен қарсыластарына жол берді. Алайда, 70,3 кг-да бәсекеге түскен Мақсат Өміртаев колумбиялық Даниель Зулуаганы бірінші раундтың алғашқы секундтарынан бастап соққының астына алып, артынан техникалық нокаутпен кезекті жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, 77,1 келідегі Иссатай Теміров бауырлас қырғыз елінен келген спортшы Манас Темірбековтан басым түсіп, кәсіби мансабындағы кезекті 4-ші жеңісін осылайша қазақ еліне арнады. Сондай-ақ, кештің соңына қарай отандасымыз Абылайхан Қадіржан атты спортшымыз Қазақстандық спортшылардың қоржынына кезекті жеңісті алып келіп, кәсіби мансабындағы алғашқы белбеуін иемденді.

Десек те, «BATTLE OF NOMADS» халықаралық турнирінің басты жекпе-жегі, яғни гранд финал додасында ел намысын ту еткен Шавкат Рахмонов пен тәжік спортшысы Фаридун Одилов арасындағы айқас болды. Кездесудің бірінші раундында қос спортшы бір-біріне бірнеше соққы дарытқанымен, жеңіс кімнің жағында болатынын аңғару қиын болды. Екінші раундтағы тайталас бірінші раундтан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Ал, соңғы үшінші раундта қарсыласының шаршап шалдықанын байқаған Шавкат, бірнеше ауыр соққыларын дөп тигізіп, техникалық нокаутпен кезекті 9-шы жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, кәсіби мансабындағы алғашқы чемпиондық белбеуіне қол жеткізген Рахмонов, алдағы уақытта талай белестерді бағындыратыны жайлы баспасөз конференциясында сөз етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер