Бокс

WBC «Канелоны» рейтингісінен алып тастады

WBC «Канелоны» рейтингісінен алып тастады
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті орта салмақтағы боксшылардың мамыр айындағы рейтингісіне кіргізбеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мексикалық боксшының тізімнен тыс қалуына допинг дауына байланысты алты айға спорттан шеттетілуі және WBC мен VADA-ның «Таза бокс» бірлескен бағдарламасына кірмеуі себеп болды.

WBC тұжырымының орта салмақтағы әлем чемпионы - қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин, ал уақытша чемпиондық (Interim) АҚШ өкілі Джермалл Чарлоға тиесілі.

Тізімнің бірінші орнын Дэниел Джейкобс (АҚШ) иеленсе, екінші орында Американың тағы бір өкілі Деметриус Андадре, ал үшінші сатыда ирландиялық Джейсон Куигли тұр. Канадалық Давид Лемье мен польшалық боксшы Камил Шеремета үздіктер бестігін түйіндеді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер