Жеңіл атлетика

Михаил Литвин дәстүрлі «Рига» кубогына қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан жыл сайын Латвия астанасы Рига қаласында халықаралық турнир өтеді. Оған Еуропаның спортшылары қатысады, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Биыл «Рига» кубогы 29 мамырға жоспарланып отыр. Қазақстаннан 400 метрге жүгіруші Михаил Литвин осы турнирде өз бағын сынап көрмек. 21 жастағы атлет дәл осы қашықтықта ерлер құрамасының көшбасшысы. Елішілік жарыстарда соңғы жылдары жеңісті ешкімге бермей жүр. Сондай-ақ 2017 жылы Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарында қола жүлде еншілеген. Наурыз айында Бирмингемдегі Әлем чемпионатына қатысып қайтты.

Литвин сәуір айында Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан кейін Шымкентте көктемгі Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп, 400 метрді 48 секундта жүгіріп өткен болатын.

«Рига» кубогына дейін 19 мамырда Алматыда Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтеді. Спортшы бұл жарысқа да қатысып қалу мүмкін екенін айтып отыр.

Айта кетейік, «Рига» кубогы дәстүрлі түрде жыл сайын «Даугава» стадионында өткізіліп жүр. Оған көптеген Еуропа спортшылары қатысады. Атап айтсақ, Эстония, Латвия, Ресей, Украина, Польша, Австрия т.б елдер бар. Қатысушыларға ақшалай сыйақы үлестіріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер