Бокс

Ломаченко допинг дауына ұшыраған «Канелоны» келеке етті

Ломаченко допинг дауына ұшыраған «Канелоны» келеке етті
news-banner7
mobile-news-top

WBO нұсқасы бойынша бірінші жеңіл салмақта әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) допинг дауына ұшырап, қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) реванш өткізуден бас тартқан мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 33 КО) жайлы кекесін аралас пікір білдірді, деп жазады prosports.kz.

Естеріңізде болса, 5 мамыр Головкинмен күш сынасам деп білегін сыбанып отырған Сауль ақпан айында екі реткі допинг-тесттен өте алмай қалды. Ал оның командасы тиым салынған дәрумен кленбутерол боксшының ағзасына жарамыз ет жеу себебінен өтті деп ақталды. Әрі осы айтқан пікірін Невада Атлетикалық Комиссиясының (NSAC) алдында дәлелдей алды.

Халықаралық допингке қарсы ұйым «Канелоның» кленбутеролды байқамай жегеніне "сеніп", оны тек алты айға ғана бокстан шеттетті. Сөйтіп, аяқастынан қарсыласынан айырылған GGG жан-жақтан қарсылас іздеп, ақыры америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 KO) жекпе-жек өткізген болатын.

Әлем бокс жанкүйерлерінің назарын аударған осы оқиғаға байланысты украиналық боксшы:

- Егер мен мексикаға барып ет жесем, орта салмаққа ауысып кетуім мүмкін, - деп әзілдеді.

Ал Головкин-Мартиросян жекпе-жегі бар болғаны екі раундқа ғана созылып, қазақстандықтың нокаутпен жеңіске жеткенін жанкүйер қауым жақсы біледі.

Осы кездесуден кейін америкалық боксшы өзінің жеңілгенін анық мойындап, «Канелоның» допинг қосылған етті не үшін жегенін іштей түсінгенін мәлімдеген еді. Әрі мексикалыққа Головкинмен бокстасып опа таппайтынын айтып, одан да жекпе-жектен тағы да "қашуын" ұсынған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер