Бокс

Сатыбалдинова кәсіби бокстағы алғашқы чемпиондық титулын алды

Сатыбалдинова кәсіби бокстағы алғашқы чемпиондық титулын алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова жеңіл салмақта Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) белдігі үшін Мексикада жекпе-жек өткізді.

Оның қарсыласы 18 жастағы мексикалық боксшы Аннетт Пабелло болды. Бұл қарсыласымен Сатыбалдинова кәсіби рингте бұған дейін де жұдырықтасып, ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Осы жолы қазақстандық боксшы қыз басқа қарсыласпен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда белгісіз қарсыласы кездесуден бас тартыпты. Оның орнына Пабелло қайта шықты. Жекпе-жек сегіз раундқа жалғасып, төрешілер бір ауыздан жеңісті Сатыбалдиноваға берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер