русский язык
Футбол

«Шахтердің» кезекті жеңілісі (Видео)

«Шахтердің» кезекті жеңілісі (Видео)

Қарағандылық "Шахтер" Еуропа лигасындағы төртінші ойынын Голландияның "Аз Алкмаар" командасымен өткізіп, 1:0 есебімен жеңіліс тапты.

Кешегі матчта «Шахтердың» намысын небәрі 14 футболшы қорғады. Ал команданың бетке ұстар қақпашысы Александр Мокин, қорғаушылар Алдин Джидич пен Андрей Порываев, жартылай қорғаушы Гедиминас Вичюс, шабуылшылар Андрей Финонченко мен Сергей Хижниченко жарақаттарына байланысты ойыннан тыс қалған-ды. Жеңілістің кермек дәмін кезекті рет татқан «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков өз ойымен бөлісті.

«Ойын өте әділ өтті. "Аз Алкмаар"бізді айқын басымдылықпен ұтты. Екі тайм бойы біз қарсыластарымызға қарағанда нашар ойнадық»,-деді ол.

Сөйтіп, кеншілер командасының Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндігі күрт төмендеді. Тіпті, «Шахтер» алдағы жылы еуромаусымнан тыс қалуы да мүмкін. Енді қарашаның оныншы жұлдызында «Кеншілер» Қазақстан кубогы үшін «Тараз» командасымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;