Бокс

«Канелоның» промоутері Головкиннің табысын мазақ етті

«Канелоның» промоутері Головкиннің табысын мазақ етті
news-banner7
mobile-news-top

Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкиннің Ванес Мартиросянмен жекпе-жегі үшін алған гонорарының көлеміне күлді, деп жазады tengrinews.kz.

- Головкин 3 миллион тауып жүргенде, «Канело» сенсіз-ақ 40 миллион тауып жатыр, - деп жазды Оскар Де Ла Хойя Twitter желісінде.


Сонымен қатар, мексикалық промоутер Сауль «Канело» Альварестің қыркүйекте рингке оралатынын айтты. Сол кезде Головкин екеуінің реваншы өтуі мүмкін.

Айта кетейік, олардың бірінші жекпе-жегінде кімнің мықты екені анықталған жоқ, екеуі тең түсті. Реванш 5 мамырда өтуі тиіс болатын, алайда биыл ақпанда Альварес екі рет допинг-тесттен өте алмай қалды. Бірақ ол күні Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 KO) жекпе-жек өткізіп, екінші раундта нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер