ММА, UFC
ММА

Александр Вал: Менің пірім - Федор Емельяненко

Александр Вал: Менің пірім - Федор Емельяненко
news-banner7
mobile-news-top

Елордада ММА-дан ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Тартысқа толы кездесулердің ішінде көзге ерекше түскен спортшылардың саны аз емес. Солардың қатарында 83,9 кг салмақ дәрежесінің жеңімпазы Александр Вал Prosports.kz сайтының тілшісіне байрақты бәсекеде қалай топ жарғаны жайлы өз ойымен бөлісті.

- Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылар тарапы еліміздің әр өңірінен келген спортшыларды жақсы күтіп алды. Ал, спортшылар туралы айтатын болсам, барлығы дерлік жақсы дайындықпен келген. Мәселен өз қарсыластарым жайлы сөз қозғағым келіп отыр. Олардың әрқайсысы өткен жылмен салыстырғанда биыл анағұрлым жақсы дайындықпен келген. Осындай кіл мықтылардың арасынан озық болу үшін мен барымды салдым. Әрбір кездесуімнен кейін жіберген қателіктеріммен жұмыс жасадым. Соның арқасында чемпионатта алтын медальға ие болдым. Сонымен қатар, бүгінгі жеңісім ол тек менің ғана емес, мені осы күнге дейін жаттықтырып келген бапкерімнің де жеңісі.

- Өзіңіздің пір тұтан спортшыңыз бар ма?

- Бар. Ол Федор Емельяненко.

- Егер алдағы уақытта Емельяненкомен шығатын болсаңыз...

- Барлығын уақыт көрсетер. Десек те, мұндай даңқты спортшымен бүгін-ертең шығуыма ешкім кепілдік бере алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер