ММА, UFC
ММА

Астанада ММА-дан ҚР чемпионаты

Астанада ММА-дан ҚР чемпионаты
news-banner7
mobile-news-top

Сарыарқаның өрінде, елордамыздың төрінде жалауын желбіреткен ММА-дан ҚР чемпионаты өз мәресіне жетуде. Аталмыш чемпионатта 65,8 кг салмақ дәрежесінің чемпионы, Қарағанды облысының өкілі Анатолий Золотых prosports.kz сайтының тілшісіне дүбірлі додаға байланысты сұхбат берді

- Анатолий жеңісіңіз құтты болсын.

- Рахмет

- Жалпы финалдық бәсекеде бірде басымдыққа сіз ие болсаңыз, бірде басымдық қарсылас спортшы жағында болды. Алайда, соңғы минуттарда қылқындыру әдісімен жеңіске жеттіңіз.

- Алдыңғы бәсекелерден қарағанда, финал мен үшін анағұрлым қиынға соқты. Алғашқа раундта бірнеше соққыларды жіберіп алған болатынмын. Алайда, екінші раундтан бастап, өз-өзімді қолға алып барынша көп соққыларды дөп тигізуге тырыстым. Раундтың соңына қарай қарсыласымның жіберген қателігінің арқасында, кездесуді уақытына бұрын аяқтадым. Негізінен, Қарағандылық спортшылар аталмыш спорт түрінен бәсі жоғары саңлақтар деп атағаным артық етпес. Өзіңіз байқаған боларсыз, осы турнирде кеншілер астанасының саңлақтары бірнеше жүлдеге ие болып үлгерді.

- ММА додасындағы басты жетістіктеріңіз

- Бүгінгі турнирдің чемпионы болғанымен қатар мен, достастық кубогінің иегерімін. Сонымен қатар, панкратион, самбо түрлерінен Қазақстанның чемпионымын. Болашақта жетістіктерімнің санын барынша көбейтуге тырысамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер