«Құпия» ақпарат
Басқа

Қазақстандық балуан 148 тонналық тепловозды сүйреп, рекорд орнатты

Қазақстандық балуан 148 тонналық тепловозды сүйреп, рекорд орнатты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников вагон тіркеулі тепловозды бірнеше метрге сүйреп, жаңа рекорд орнатты.

«Палуан вагон тіркеулі тепловозды бірнеше метрге сүйреп, орнынан жылжытты. Ол тепловоздың салмағы 123 тоннаны құрайды. Тепловоз толық жабдықталған. Оның ішіне 5 тонна жанармай, бір жарым тонна құм, бір тоннадан астам су және 650 литр май құйылған», - дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ.

Алып күш иесі тепловозды сәтті қозғағаннан кейін, оған вагон жегіп сүйреген.

Цырульников былтырғы жылдың көктемінде тарпып тұрған төрт жылқыны 11,7 секунд тырп етпестен ұстап тұрған. Ол танымал американдық иллюзионист Гарри Гудинидің қауіпті әдістерін көрсетіп, жұртшылықты таң қалдыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, өзін атақты қазақ палуандары Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың ізбасары санайтын Сергей Цырульников әлемнің төрт дүркін чемпионы.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер