Әлем футболы

ВИДЕО. «Манчестер Сити» қақпашысы Гиннестің рекордтар кітабына кірді

news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Сити» қақпашысы Эдерсон Морес допты қашықтыққа тебуден әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды аталмыш клубтың твиттер парақшасы

Футболшы допты қақпадан 75.35 метр қашықтықта тепті.

Эдерсон 2017 жылдың жазында Бенфикадан «Манчестер Сити» 40 миллион еуроға сатып алынған болатын. Осы маусымда 24 жасар бразилиялық қақпашы ағылшын премьер-лигасының 36 ойынына қатысты, оның 16-сы құрғақ күйінде қалды.

Ағымдағы маусымда қақпашы «Манчестер Сити» командасымен бірге Англия чемпионатында жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер