Әлем футболы

Криштиану Роналду әйелдердің футболы туралы телехикаяның продюсері болмақшы

news-banner7
mobile-news-top

Мадридтің «Реал» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әйелдердің футболы туралы телехикаялардың атқарушы продюсері болмақшы, деп хабарлайды РИА «Новости».

Футбол туралы телехикая Нью-Йорк штатының мектеп оқушыларын бейнелейді. Сценарийді «Memphis Beat» (Memphis Beat) сериалының жазушылары Лиз Гарсия мен Джо Харто шығарады.

Роналдудың айтуынша, телехикаялардағы жұмыс оған баға жетпес тәжірибе болады, деп жазады ntv.ru.

Криштиану Роналду, футболшы: «Бос уақытымда мен сапалы телешоуларды көремін. Мен үшін серияның атқарушы продюсері болу, дарынды адамдармен жұмыс жасау - бұл үлкен тәжірибе. Менің өмірім де осы сериалда баяндалады».

Роналду - Еуропа чемпионы, Чемпиондар Лигасының төрт мәрте жеңімпазы, «Алтын доп» сыйлығының бес мәрте жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер