Хоккей

Қазақстандық хоккейшіні драфтта америкалық клуб таңдады

news-banner7
mobile-news-top

Шайба.kz сайтына белгілі болғандай Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасының шабуылшысы Владислав Сайконы АҚШ хоккей лигасының драфтында «Де-Мойн Баккэнирс» клубы таңдады. Бұл туралы olympic.kz жазды.

Биылғы маусымда 17 жастағы спортшы «Астана» және «Құлагер» командаларының құрамында Қазақстан чемпионатында 36 кездесу өткізіп 4 шайба соғып, 5 рет нәтижелі пас шығарған. Ригада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 5 кездесуге қатысып, екі шайба соғып, бір рет нәтижелі пас шығарған. Бұған дейін Сатпаев қаласының «Қазақмыс» командасының тәрбиеленушісі Финляндияда ойнаған.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ хоккей лигасында Астана қаласының тәрбиеленушісі Кирилл Панюков өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер