Ұлттық спорт

Алматыда жаңа көкпар командасы құрылды

news-banner7
mobile-news-top

Биыл Алматы әкімдігінің қолдауымен алып шаһарда жаңа көкпар командасы құрылды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Команданың алғашқы ойыны мамырдың 7-і күні Алматы ипподромында ұлттық спорт түрлерінен өтетін «Ұлы дала ойындары» фестивалінде өтті.

Бүгінде қаланың бас құрамасында әр түрлі жастағы, тәжірибесі мол, көптеген жүлделері бар 12 спортшы жаттығады. Сонымен қатар, алматылық ұжымда жасы 18-ге толмаған жастар мен жасөспірім құрамалары да бар.

Олардын алдында бір мақсат – барлық турнирлерде жеңімпаз атану. «Ұлы дала ойындары» фестивалінен кейін олар маусымның 27-і күні Астанада өтетін ел чемпионатында қала намысын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер