Бокс

Мартиросянды нокаутпен жеңген Головкин жанкүйерлерге ұнамай қалды

Мартиросянды нокаутпен жеңген Головкин жанкүйерлерге ұнамай қалды
news-banner7
mobile-news-top

6 мамыр күні өткен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО) жекпе-жегінен кейін аздап дау туындады, деп жазады prosports.kz сайты.

Кейбір жанкүйерлер Головкинді қарсыласы нокаутқа түсіп, қорғану мүмкіндігінен айырылған соң да жұдырық жұмсады деп айыптаған болатын.

Жақында The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер журналдағы өзінің бағанында осы дауға қатысты пікір білдірді.

- Интернетте жұрт Головкин спорттан шеттетілуі тиіс деп жазып жатыр. Алайда жекпе-жекті қайта қарап шығып, GGG соққы жасап жатқанда Мартиросян әлі құламағанын байқадым. Бұл эпизодта сіз не көрдіңіз?, - деп сұраған жанкүйерге:

- Сіз көргенді мен де көрдім. GGG Мартиросян құлап бара жатқан сәтте ұрды. Егер соққы Мартиросянның тізесі немесе қолғабының бірі төсенішке (канвас) тигеннен кейін жасалса, онда әңгіме бөлек. Ал ереже аясында жұдырық жұмасаған боксшыны айыптағандар – ақылсыз езбелер, - деп жауап берді The Ring бас редакторы

Естеріңізде болса, отандасымыз аталған жекпе-жекте қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер