русский язык

Исаэль қытайлық клубқа ауысуы мүмкін

Исаэль қытайлық клубқа ауысуы мүмкін

«Қайрат» командасының бразилиялық жартылай қорғаушысы Исаэль Барбоза бұрынғы командаласы Жерар Гоу салған жолмен Қытай асуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл туралы футболшының агенті Сергей Новиков prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты.

- Бұқаралық ақпарат құралдары Сіздің клиентіңіз Жерар Гоудың Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада ойнауы жайлы жазып жүр. UEFA ережелері бойынша Гоу біздің құрамамызда өнер көрсете ала ма?

- Жерар Кот-д'Ивуар ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындарына ғана қатысқан. Бұдан бөлек ресми емес турнирде жастар құрамасында доп тепкен. Демек, егер ол Қазақстан азаматтығын алса, оның Қазақстан ұлттық құрамасы үшін ойнауына еш кедергі жоқ.

- Жерар Гоудың жақын досы Исаэль әлі «Қайраттың» жейдесінде өнер көрсетіп жүр. Алайды, бұл футболшының алматылық клубпен келісімшарты биыл аяқталады. Исаэль келесі маусым Жерардың жанына баруы мүмкін бе?

- Мен бірнеше апта бұрын Қытайда болдым. «Бэйцзин Энтерпрайзес» командасының басшыларымен сөйлестім. Олар Исаэль сынды «10-шы номерге» өте мұқтаж. Әрі олар Барбозаны бақылауда ұстап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;