русский язык
Футбол

Игорь Зенькович: «Еш қобалжымаймыз»

Игорь Зенькович: «Еш қобалжымаймыз»
Қарағандылық «Шахтердің» шабуылшысы Игорь Зенькович Еуропа лигасы аясындағы «АЗ Алкмаармен» кездесу алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
 
- Алдағы матчқа дайындық қалай жүріп жатыр?
 
- Дайындық белсеңді түрде өтуде. Жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Қарсыластарымыздың ойыннын көріп талдау жасадық. Командамызда бірнеше жарақат алған ойыншылар бар. Дегенмен де мықты командамен, жақсы стадионда, жанкүйерлердің қолдауымен өтетін ойынға шығуға дайынбыз. Бар күшімізді салып жақсы ойын көрсетеміз. 
 
-  Ел кубогында топ жару маңызды ма, әлде топтан шығу ма?
 
-  Екеуіде. Ел кубогын ұтсақ келесі жылы Еуропада ойнаймыз. Сондай-ақ, Еуропа лигасында да мүмкіндіктеріміз бар. Алдағы кездесу біз үшін өте манызды, жеңілмеуге тырысамыз.
 
-  Алдағы матч өте маңызды дейсіз, қобалжу бар ма?
 
-  Жоқ, аса қобалжып жүрген жоқпын. Дайындық тиянақты түрде өтіп жатыр. АЗ-ны жеңу үшін бар күшімізді саламыз. 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;