русский язык

«Шахтер» ФК Головкинді құттықтады

«Шахтер» футбол клубы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді америкалық Ванес Мартиросянді нокаутпен жеңуімен құттықтады.

«Жерлесіміздің әділетті және мерзімінен бұрын болған жеңісі оның кәсібилігі мен шеберлігін көрсетеді. Геннадий өз жеңісімен қазақстандық барша спортсүйер қауымға қуаныш сыйлады.

Әр қарағандылық үшін жерлесіміздің әр жеңісі үлкен мақтаныш. Геннадий Головкинге алдағы мақсаттарын орындау жолында сәттілік тілейміз», - деп жазды қарағандылық клуб.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;