TasBet01
Әлем футболы

«Барселона» – «Реал»: Кім кімді...

«Барселона» – «Реал»: Кім кімді...
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Испания чемпионы белгілі. «Барселона» маусым басында өзгелерден оқ бойы дара шығып алып, маусым соңында мәреге жеке дара келген. Басты бәсекелесі саналған «Реал» каталондық клубқа қарсылық білдіре алмады. Жалпы мадридтік команда үшін бір ақ турнир бардай көрінеді. Ол – Чемпиондар лигасы. «Реал» чемпионат аясында өткен алғашқы ойында өз алаңында 0-3 есебімен жеңілгені де естеріңізде болар.

Бүгін қос команда Барселонада кездеседі. Эль-классико аталатын бұл кездесуге әлемнің миллиондаған жанкүйерлері көз тігіп отырғаны анық. Жеңіс екі командаға да керек болмағанымен бұл екі команда үшін бір-бірімен ойын Чемпиондар лигасының финалымен пара-пар.

«Барселона» үшін биылғы маусым жаман болған жоқ. Тек күтпеген жерден «Ромадан» жеңіліп қалды демесеңіз, өзге ойындарда қарсылас шыдатпады. Испания біріншілігі мен Испания Кубогында топ жарды. Оның үстіне алда Әлем чемпионаты келе жатқанын ескерсек маусымның ерте аяқталуы Месси, Суарес сынды ойыншыларға керек ақ.

Ал «Реал» биыл жанкүйер көңілінен шығатын ойын үлгісін көрсете алмады. Жалпы биылғы жылды Зидан бапкер болғаннан бергі ең сәтсіз жыл деуге болатын шығар. Егер «Реал» Чемпиондар лигасында топ жармаса француздық бапкер қызметінен кететіні анық. Ал бүгінгі ойындағы жеңіліс Зидан бапкердің тағын бір шайқап өтетіні де түсінікті.

Осыдан 7-8 жыл бұрынғы эль-классико құдды бір "соғыс" болатын. Алаңда "бас жарылып көз шыққанды" да көрген кездер сирек емес. Соңғы жылдары Испанияның екі алпауытының арасындағы кездесу "бейбіт" жағдайда өтіп жүр. Арасында Пике мен Рамос бір-бірін сөзбен шағып алғаны болмаса ойындар үлкен дау-дамайсыз аяқталып жатады.

Бүгінде Месси мен Роналдудың бәсекелестігі де соңына жетуге таяған. Бұрынғыдай әлемнің үздік ойыншысы дегенде тек екеуі ғана емес өзге ойыншылардың да есімі айтылып жүр. Неймар, Де Брюне, Салах сынды ойыншылар қос мықтымен бәсекеге түсе алатын жағдайда. Әсіресе соңғысының ойыны керемет. Сондықтан бүгінгі ойынды Месси мен Роналду үшін өздерін жақсы жағынан көрсететін мүмкіндік ретінде қарауға болады.

Сонымен бүгінгі ойынға болжам төмендегідей болмақ:

Болжам: Алаң қожайындары -1,5 форамен жеңіске жетеді. 2,71 коэфицент.

Болжам: «Реалдың» бұрыштамалар саны 5,5-тен көп. 2,39 коэфицент.

Болжам: Ойындағы сары қағаз саны 6,5-тен көп. 2,12 коэфицент.

Үш болжамның қосындысы 13,73 коэфицент.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер