Жеңіл атлетика

Altay athletics спортшысы Дохадағы «Гауһар лига» кезеңінде жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның тұңғыш кәсіби Altay athletics жеңіл атлетика клубының өкілі 2018 жылғы маусымдағы халықаралық жарысты сәтті басталды, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Кеше, 4 мамырда Катар астанасы Доха қаласында өткен «Гауһар лиганың» бірінші кезеңінде 3000 метрге жүгірген 23 жастағы кениялық Каролин Кипкируи жеңіске жетті.

Жалпы, Каролин қатысқан сайыс түрінде 18 спортшы болды. Altay athletics клубынан Кипкируиден бөлек, оның отандасы Нора Джеруто жүгірді.

Қазақстан клубының спортшысы Каролин Кипкируи мәреге жақындаған тұста 2017 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Агнес Тироптен жеңісті жұлып алды. Хаттамада екеуінің арасын бар-жоғы 0,04 секунд бөліп тұрғанын байқадық. Кипкируи мәреге 8.29,05 минутта жеткен. Үшінші орын тағы бір кениялық Хивин Киенг (8.30,51 мин.) бұйырды. Джеруто болса, 10-шы орынға табан тіреді (8.37,09 мин.).

Айта кететін бір жайт, Кипкируи Дохада өзінің жеке рекордын жаңартты. Бұған дейін оның 3000 метрге жүгірудегі жеке рекорды – 8.51,28 минут болатын.

Доха. «Гауһар лига», 1-ші кезең. 3 000 метрге жүгіру (әйелдер):

1. Каролин Кипкируи (Кения) – 8.29,05 мин.
2. Агнес Тироп (Кения) – 8.29,09 мин.
3. Хивин Киенг (Кения) – 8.30,51 мин.
... 10. Нора Джеруто (Кения) – 8.37,09 мин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер