русский язык
Бокс

Руслан Мадиев мексикалық қарсыласынан басым түсті

Руслан Мадиев мексикалық қарсыласынан басым түсті
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесудің андеркартында жеңіске жетті.

Руслан Мәдиев кәсіпқой бокстағы 12 жекпе-жегін Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 KO) арасындағы бокс кешінде өткізді. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз жеңіліп көрмеген мекискалық, Хесус Переспен (21-0, 16КО) кездесті. Он раунд бойы бір-бірін құлата алмаған қос боксшының арасынан төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Айта кетейік, Руслан соңғы жекпе-жегін мексикалық былғары қолғап шебері Ангель Мартинезке қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросянды (36-3-1, 21 KO) арасындағы кездесу 5 мамыр күні Карсон қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;