русский язык
Бокс

Головкин StubHub аренасына келді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин өзінің кәсіпқой бокстағы отыз тоғызыншы кездесуін өткізу үшін Карсон қаласындағы StubHub аренасына келіп жетті.

Калифорния штатында өтетін кездесудегі оның қарсыласы американдық Ванес Мартиросян болмақ.

Prosports.kz назарларыңызға аталған кездесудің тікелей трансляциясын ұсынады.

Естеріңізге салсақ, трансляция Астана уақытымен 07:00-де басталады. Ал Головкиннің кездесуі шамамен 08:00-де өтеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;