русский язык
Хоккей

Кэм Баркер «Барыс» ХК сапына ауысты

Кэм Баркер «Барыс» ХК сапына ауысты

Астана қаласының «Барыс» клубы Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы, қорғаушы Кэм Баркермен арадағы келісімшартқа қол қойды. Енді 27 жасар хоккейші астаналық клубтың сапында ойнайтын болады.

«Барыс» хоккей клубының ресми сайты хабарлағандай, К.Баркер «Чикаго Блэкхоукс», «Миннесота Вайлд», «Эдмонтон Ойлерс» және «Ванкувер Кэнакс» сынды командаларда өнер көрсетті. Ұлттық хоккей лигасында ол жалпы саны 310 матч өткізіп, 96 ұпай жинаған. Екі аптадан кейін К.Баркер «Барыстың» атынан шығатын болады.

Айта кетейік, Астана қаласының хоккей клубы соңғы ойында «Салават Юлаевты» (Башқұртстан, Уфа) жеңіп, екі апталық демалысқа шықты. «Барыстың» келесі ойыны 13 қараша күні сырт алаңда өтеді. Латвияның Рига қаласында жергілікті «Динамо» хоккей клубымен кездеседі. Сол кезде Кэм Баркер мұз айдынына шығуы әбден мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;