Велоспорт

Луценконың жаңа велесебеді: «Қар Барысы» «Джиро д’Италияға» дайын

Луценконың жаңа велесебеді: «Қар Барысы» «Джиро д’Италияға» дайын
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасының көшбасшысы Алексей Луценко спорттық мансабында алғаш рет Argon 18 компаниясының «Қар Барысы» деп аталатын эксклюзивті жаңа велесебедімен бүгін «Джиро д’Италия» велододасына қатысады.

Пелетонда мықтылардың бірі саналатын қазақстандық Алексей Луценко «Джиро д’Италия» жарысына қатысатын «Астана» командасының (Президенттік «Астана» клубының құрамына енетін) сапындағы ең негізгі шабандоздардың бірі екенін дәлелдеді. Ол италияндық Гранд-турда жоғарғы жетістікке жете алтынын көрсетті. Шабандоз бен велосипед біргіп шеберлік көрсетуге дайын болса, ал «Қар Барысы» «Джиро-2018» веложарысында жорыққа шықпақ.

- «Джиро д’Италия» жарысындағы дебютіме арнайы дайындаған тамаша сыйлығы үшін Argon 18 компаниясына алғыс айтқым келеді. Бұл әдемі велосипед маған жарыста рух пен жігер сыйлайды. Жарысты эксклюзивті жаңа Argon 18 GalliumPro велесебедімен бастағаным үшін бақыттымын, - деп Алексей Луценко алған әсерімен бөлісті.

cropped

ParticuleR 02 сериясынан «Қар Барысы» велосипедінің дизайны Алексей Луценкоға арнайы жасалған велосипедте арнайы элементтер өте көп. Ол шабандоздың қазақстандық түп-тамырымен байланысты. Ең басты мақсат жарқын әрі агрессивті дизайнмен қазақстандық стильде заманауи велосипед жасауда еді. GalliumPro моделінің дизайнын жасау барысында ең бастысы еліміздің ұлттық рәміздері, тудың түстерінен бастап, Қазақстан Республикасының символдарының бірі болып табылатын қар барысын бейнелеу болатын.

Велосипедтің жалпы графикалық тұжырымдамасы дода барысында сырттай қарағанда Алексейдің күш-қуаты мен жарысты динамикалық стильде жүріп өтуінің сипаты болып табылады. Велосипедтің түсі мен бөліктері Луценконы «Джиро д’Италияда» пелетоннан бірден көзге түсетініне кепілдік береді.

- Бұл жоба идеямыздың эстетикалық көрінісі мен түрлі символдарды қолдану арқылы велоспорт тарихын сыйлауға шақыру үшін оң шешім табудағы керемет мүмкіндік. Біздің негізгі мақсатымыз тек қана әдемі велосипед жасап қана қоймай, Алексейді спорттық мансабында келесі қадам жасау үшін жігерлендіру, - деді «Астана» командасының менеджментімен бірлесе отырып велосипедтің қайталанбас дизайнын жасап шығарған Argon 18 компаниясының арт-директоры Александр Сент-Жальм.

- Соңғы жылдарда Алексей Луценко өз күші мен мінезін паш етуде. Ол үміт күттіретін қазақстандық шабандоздардың бірі және бірегейі екенін атап өткім келеді. Біздің компания сияқты жалындаған әрі өз-өзіне сенімді.Арнайы қазақстандық шабандоз үшін жасалған ParticuleR 02 сериясының жаңа велосипедін таныстырғанымыз үшін қуаныштымыз, - деді Argon 18 компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Жерве Риу.

Автор: Ермұхамет Мәулен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер