Күрес

Маңғыстауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды

news-banner7
mobile-news-top

Ақтауда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық гран-при турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады nur.kz.

Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қатысты. Сондай-ақ, құрметті қонақтар қатарында Юрий Мельниченко, Бахтияр Байсеитов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Иманбаев сынды Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

Турнир «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде 4-6 мамыр күндері өтеді. Оған әлемнің 15 елінен 60 спортшы шақырылды. Халықаралық турнирде Маңғыстау облысынан 5 спортшы қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер