русский язык
Бокс

Сарапшы: Данияр Елеусінов екі салмақта әлем чемпионы болуы мүмкін

Boxingesq.com блогының авторы, спорт заңгері және менеджер Курт Эмхофф қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі .

«Данияр Елеусіновты кәсіпқой да мықты боксшы болады деп санаймын. Таңғалдырарлық жылдамдыққа ие ол әуесқойға қарағанда кәсіпқой бокста үлкен жетістіктерге жетеді деп ойлаймын. Данияр әзірге дені сау болса, қолын жарақаттап алмаса, мен оны таяу жылдары ең дегенде екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанады деп сенемін», - деді сарапшы.

Еске сала кетсек, ол 29 сәуірде өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсіріп жеңіске жеткен болатын. Келесі жекпе-жегі 6 маусымда Лондондағы «Йорк-холл» аренасында өтеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;